ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ШАРТТАРЫ
I. ТӨЛЕМДЕР
1. Онлайн банк картасымен төлем
«Ayanmarket» маркетплейсі интернет-эквайрингке қосылған, және Сіз халықаралық төлем жүйелерінің банк картасымен қызметті төлей аласыз. Таңдалған тариф расталғаннан кейін «Airba Pay» процессинг орталығының қорғалған төлем беті ашылады.
Сіз банк картаңыздың деректерін енгізуіңіз керек. Картаны ұстаушыны қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure протоколы қолданылады. Егер Сіздің эмитент-банк бұл технологияны қолдаса, қосымша тексеруден өту үшін банк серверіне қайта бағытталасыз.
2. Қауіпсіздік кепілдіктері
«Airba Pay» процессинг орталығы Сіздің банк картаңыздың деректерін PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша қорғайды және өңдейді. Төлем шлюзіне ақпарат SSL шифрлау технологиясы арқылы беріледі.
Жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, төлем сервисінің қолдау қызметіне тікелей [email protected] поштасы арқылы хабарласа аласыз.
3. Онлайн төлемдердің қауіпсіздігі
Сіз ұсынатын жеке ақпарат (аты-жөні, мекенжай, телефон, e-mail, карта нөмірі) құпия болып табылады және жария етілмейді. Карта деректері тек шифрланған түрде беріледі және «Ayanmarket» сервисінде сақталмайды.
Картамен төлем қауіпсіз, себебі:
- Авторизация жүйесі сатып алушының карта деректері алаяқтардың қолына түспеуін қамтамасыз етеді
- Сатып алушы төлем деректерін «Ayanmarket» қосымшасында емес, тікелей «Airba Pay» авторизация жүйесінде енгізеді
4. Қызметті сатып алу ережелері
«Ayanmarket» сервисінде таңдалған тарифті төлей отырып, төмендегі мекенжайда орналасқан жария оферта шарттарымен келісетініңізді растайсыз Договор оферты
5. Ақшалай қаражатты қайтару
Ақшаны банк картасына қайтару үшін «Ақшаны қайтару туралы өтінішті» толтыру қажет. Компания оны сұрау бойынша электрондық поштаға жібереді. Өтінішті жеке куәлік көшірмесімен бірге [email protected] мекенжайына жіберу керек.
Қызмет көрсетуге байланысты негізді шағымдар болған жағдайда, Компания «Ақшаны қайтару туралы өтінішті» алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде банк картасына қайтаруды жүзеге асырады.
6. Төлем жасаудан бас тарту себептері
- банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған
- банк картасында төлемге қаражат жеткіліксіз
- банк картасының деректері қате енгізілген
- банк картасының мерзімі өтіп кеткен
Банк картасымен төлем мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласа аласыз: 8 775 007-64-77
II. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
Осы Құпиялылық саясатының нормалары Сервисті пайдалану барысында Сервиске және оның Әкімшілігіне белгілі болуы мүмкін кез келген ақпаратқа (жеке деректерге) қолданылады.
Сервисті пайдалану Пайдаланушының осы Құпиялылық саясатының шарттарымен және жеке деректерді өңдеу тәртібімен толық келісетінін білдіреді.
«Ayanmarket» саясатқа кез келген уақытта өзгеріс енгізуге құқылы. Өзгертілген нұсқа ayanmarket.kz сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
ДЕРЕКТЕРДІ ТЕКСЕРУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ЖОЮ ҚҰҚЫҒЫ
Пайдаланушы немесе Серіктес өз деректерін кез келген уақытта көруге, сондай-ақ «Аян Тех» ЖШС Компаниясымен келісім бойынша оларды жаңартуға немесе жоюға құқылы.
БАСҚА ИНТЕРНЕТ-САЙТТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР
«Ayanmarket» сервисі пайдаланушы «Ayanmarket» сервисіндегі сілтемелер арқылы өтетін басқа сайт иелері немесе әкімшілері қолданатын деректерді қорғау саясаты үшін жауап бермейді.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ
Біз осы құпиялылық саясатын сақтау үшін бар күшімізді саламыз, алайда біздің бақылауымыздан тыс факторлар әсер еткен жағдайда ақпараттың сақталуына кепілдік бере алмаймыз.
ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
Пайдаланушы мен Сервис Әкімшілігі арасындағы даулар бойынша сотқа жүгінбес бұрын, міндетті шарт — келіссөздер жүргізу.
Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органында қаралады.
2. Байланыс
Осы саясатқа қатысты сұрақтар бойынша келесі мекенжайға жазыңыз:
[email protected]